Денсаулық
Министрлік елімізде пневмонияның жаңа түрі шыққаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com"Кейбір Қытай бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанда коронавирустан едәуір қауіпті белгісіз пневмония анықталғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді", - деп хабарлады ведомство.
Қазақстан өзге елдер сияқты пневмонияның мұндай түрін қадағалап отырады, бұл дер кезінде басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді, деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігі.
9 шілдедегі брифингте денсаулық сақтау министрі Алексей Цой еліміздегі пневмониялардың жалпы саны туралы айтты: олардың арасында бактерия, зең, вирус тудыратындар – соның ішінде АКХТ-10 тізіліміне сәйкес "анықталмаған этиологияның вирустық пневмониясы" бар.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61