COVID-19
Дәрігерлер кеңесі
Шығыс Қазақстан облысының бас пульмонологы Зағрипа Әбдиеваның айтуынша, тұмау кезінде демікпе болмайды. Дене қызуы көтерілгенімен, мұрын бітелмейді. Ал коронавирус дертін жұқтырған науқастардың буын-буыны сырқырап, дәм сезбейді.
Мұндай симпотомдар байқалған жағдайды дәрігер көмегіне жүгіну керек.
"Ең бастысы дене қызуына назар аудару қажет. Егер температураңыз 3 күн қатарынан 38 градустан түспесе, онда бұл вирустың бастапқы белгілері деген сөз. Яғни дәрігерге қаралуыңыз керек", - деп түсіндірді Зағрипа Әбдиева.