Шымкент

Алматы облысындағы коронавирус ахуалы қандай?

Карантин

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы облысындағы короновирус ахуалына қатысты соңғы мәліметтер көңіл қуантарлық емес. Вирус жұқтырған адамдардың саны күн санап артуда. Нақты деректерге сүйенсек, 10 шілдедегі жағдай бойынша  Алматы облысында  короновирус жұқтырған 2939 адам тіркелген.  

Барлық індет жұқтырғандардың 1562–сі сауығып,  дәрігерлердің қадағалауымен үй карантиніне шығарылды.  Сонымен қатар, короновирус індетінен 4  адам көз жұмды. Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров пневмониядан қайтыс болды.

Қазақстанда кейінгі апталарда короновирус індетінің  өршуімен қоса пневмониямен ауырғандар саны күрт артып кетті. Билік  пневмонияға шалдыққандардың клиникалық хаттамасына "коронавирус инфекциясы болуы ықтимал" деп көрсетіп, науқастарды емдеуде коронавирус инфекциясын емдеу әдісін қолдануды енгізді. Алайда дерек көздерінде COVID-19жұқтырғандар статистикасына тек ПТР тестілеу қорытындысында коронавирус жұқтырғаны анықталған деп көрсетілген науқастарды ғана қосаылатындығы көрсетілген.

Алматы облысындағы коронавирус жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар шаралар жүргізілуде. Қазіргі таңда, облыстық ауруханаларда 100 дана оттегі концентрациясы мен өкпені жасанды желдетуге арналған 200 аппарат болса, 20 шілдеге дейін тағы 60 данасын орнату көзделген. Сонымен қатар, амбулаториялық және стационарлық деңгейдегі 3455 медицина қызметкері жұмысқа тартылды, оның ішінде 851-і дәрігер және барлық медицина қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді.  Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиевтің айтуы бойынша, облыста 4 зертхана жұмыс істеуде, онда күніне 1,5 мың зертханалық зерттеулер жүргізіледі,алдағы уақытта тағы үш зертхана ашу жоспарлануда. Короновируспен күрес барысындағы ең өзекті мәселенің бірі - дәрі-дәрмек бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында арнайы бақылау тобы да құрылды.

Соңғы ресми жаңалықтар бойынша, Алматы облысында 11 шілдеден бастап, азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан басқа мекемелердің бәрі өз жұмысын уақытша тоқтатады. Тұрғындарға сыртта себепсіз жүруге тиым салынады. Тәртіп бұзушылық болған жағдайда айыппұл салынады. Онымен қоса, демалыс күндері қоғамдық көліктердің де жұмысы тоқтайтын болды. Бес күн бұрын елімізде енгізілген қатаң оқшаулау шаралары аймақта аз болса да нәтижесін беруде. Өйткені өткен аптада вирустың таралуы 4,4 пайыз болған болса, қазіргі уақытта көрсеткіш 3,4 пайызды құрайды. Облыс әкімдігі тұрғындарды қатаң қауіпсіздік шараларын сақтауға, адам көп жиналатын қоғамдық орындардан бойды аулақ ұстауға және қорғаныс бетперделері мен гигиеналық құралдарды қолдануға шақырады.