Жамбыл облысы

Жамбыл облысындағы коронавирус ахуалы

Карантин

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ағымдағы жылдың 10 шілдесіндегі ақпарат бойынша, Жамбыл облысында короновирустық ифекциясын жұқтырған 1971 адам тіркелді. Сонымен қатар барлық індет жұқтырғандардың 1087-сі сауығып шықты. 

Өкінішке орай өңірде  короновирус індетінен 3 адам көз жұмды. Жамбыл облысы аумағының тұрғындары әлі де инфекцияның қауіптілігін түсінбей, санитарлық талаптарды орындамауда.  Мәселен, соңғы тәуліктің өзінде 77 науқас анықталды, - деді Бердібек Сапарбаев.

Бердібек Сапарбаев медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі сезіліп жатқандығын атап өтті. Сонымен қатар, медициналық маскалардың тапшылығы мәселесіне де тоқталды.

Қазіргі кезде коронавируспен күреске 1146 дәрігер жұмылдырылған. Қосымша 435 қызметкер тартылды десек, олардың ішінде 80 зейнеткер, 25 резидент және медициналық ЖОО түлектері.

- «Супер-фарм» ЖШС Жамбыл компаниясы күн сайын қала мен облыс дәріханаларына жеткізілетін 50-60 мың масканы шығаруда. Мамандар айтуынша, шикізат жеткілікті. Дәріханаларда олардың маскалары 80 теңгеден сатылуда, - деді облыс әкімі.

- Тұрғындарды дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі толғандыруда, сондықтан біз бұл мәселені шешудің жолын қарастырып жатырмыз. Көрші елдермен келіссөздер жүргізілуде. Жергілікті бюджеттен 700 миллион теңге бөлінді. Дәрі-дәрмек сатып алуға тағы 300 миллион теңге бөлінеді. Келесі аптада дәріхана  сөрелерінде қажетті дәрі-дәрмектер түсуі тиіс, - деді Бердібек Сапарбаев.

Жалпы  Жамбыл облысы  бойынша 486 фармацевтикалық нысан жұмыс істейді. Арнайы мониторинг тобы құрылып және осы аталған топ Тараз қаласының дәріханаларында COVID-19 симптомдық ауруын емдеуге арналған препараттардың бар-жоғына және бағасына күнделікті мониторинг жүргізеді. Бұл тізімге дене қызуын түсіретін, вирусқа қарсы, бактерияға қарсы, витаминдер және т.б. препараттар кіреді.

Тағы бір айта кететін жайт, Бердібек Сапарбаев Таразда коронавирустың жеңіл түрімен және респираторлық аурулармен ауыратын науқастарды үйде емдеу бойынша дәрігерлердің онлайн-консультациясының іске қосылғанын айтты. Кеңес алу үшін 109 нөміріне қоңырау шалу қажет. Сонымен бірге  тұрғындар онда көрсетілген дәрі-дәрмек бағасының ешбір негізсіз қымбаттауына қатысты шағымдана алады.