COVID-19

7393 адам: Коронавирусты жұқтыру бойынша Атырау көш бастап тұр

Денсаулық сақтау министрлігі бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғанын хабарлады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда өткен тәулікте 1 708 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.

Олардың ішінде 1 010 науқастан клиникалық белгілер анықталмады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Өңірлер бойынша (жалпы статистика/симптомсыз науқастар):

Нұр-Сұлтан қаласы – 120 / 65,

Алматы қаласы – 223 / 102,

Шымкент қаласы – 80 / 50,

Ақмола облысы – 34 / 22,

Ақтөбе облысы – 87 / 54,

Алматы облысы – 109 / 76,

Атырау облысы – 243 / 173,

Шығыс Қазақстан облысы – 154 / 95,

Жамбыл облысы – 68 / 53,

Батыс Қазақстан облысы – 95 / 49,

Қарағанды облысы – 120 / 67,

Қостанай облысы – 65 / 40,

Қызылорда облысы – 61 / 31,

Маңғыстау облысы – 76 / 69,

Павлодар облысы – 59 / 16,

Солтүстік Қазақстан облысы – 56 / 21,

Түркістан облысы – 58 / 27.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 56 455. Оның ішінде 7 393 науқас Атырау облысында, 7 118 науқас Алматыда, 6 477 науқас Нұр-Сұлтанда тіркелді.