COVID-19

Қытай Қазақстандағы отандастарына алаңдап отыр: Себебі неде?

Нұр-Сұлтандағы Қытай елшілігі мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда коронавирустан да қауіпті жаңа вирустың тез таралуына байланысты Нұр-Сұлтандағы Қытай елшілігі мәлімдеме жасады.

Қытайлық дипломаттар Қазақстанда беймәлім аурудан қайтыс болғандардың саны КОВИД-19-дан да асып кеткеніне алаңдаулы, деп хабарлады КТК.

"Бұл ауруды не қоздыратынын анықтау үшін арнайы зерттеу жүргізіліп жатыр. Коронавируспен салыстырғанда өлім көрсеткіші әлдеқайда жоғары. Елшілік Қытай Халық Республикасының азаматтарын сақтық шараларын сақтауға шақырады. Сонда ғана індетті жұқтыру қаупі азаяды", - деп мәлімдеді Қытайдың Қазақстандағы елшілігі.

Қытай дипломаттарының жаңа инфекция дегені – пневмония. Олар Атырау, Ақтөбе облыстары мен Шымкент қаласындағы көрсеткіштің күрт көбеюін негізге алып, осындай тоқтамға келген. Жаңа вирус деп айдар тағып, барынша сақтану қажет деп осылайша дабыл қағып отыр. Алайда Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты шындыққа жанаспайды деп ресми түрде жоққа шығарды.

"Бізде ДСҰ-ның халықаралық індетті реттейтін классификациясы бар. Оның пневмония ауруына сай кодтары болады. Сол классификацияға сәйкес, біз пневмония ауруын міндетті түрде есепке алып, мониторинг жүргіземіз. Сол мониторингтің арқасында дер кезінде шара қолданамыз. Сондықтан да Қытай ақпарат құралдарының беріп отырған бұл мәліметі шындыққа еш жанаспайды", - деп атап өтті министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп. 

sputniknews.kz