Weekend
Қазіргі мешіт
Түркияның Ыстамбұл қаласындағы Әулие София соборы (Айя-София) мұражай мәртебесінен айырылып, мешіт ретінде тіркелді, деп хабарлайды Anadolu агенттігі мемлекеттік кеңестің қорытындысына сілтеме жасай отырып.
Айя-София ғимараты біздің дәуіріміздің VI ғасырында салынған. Ғасырлар бойы бұл шіркеу әлемдегі ең ірі христиан ғибадатханасы болды. 1453 жылы Мехмет Сұлтан Константинопольді жаулап алғаннан кейін, ол мешітке айналды.
Православиелік ғибадатхана мешітке айналу үшін, түріктер оның жанынан төрт мұнара салған.
1935 жылы Түрік мемлекетінің негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрік түріктердің өмір салтын реформалау және діни адамдар мен ордендердің қызметіне тыйым салу саясатын ұстана отырып, Айя-Софиядағы мешітті жабуды, ал ғимаратты мұражайға айналдыруды бұйырды.
Алдыңғы аптаның жұма күні Түркияның Мемлекеттік Кеңесі Ыстамбұлдағы Әулие София шіркеуіне мұражай мәртебесін беру туралы ел үкіметінің 1934 жылғы қаулысының күшін жойғаны белгілі болды. Бұл шешім Түркия билігіне Айя-София мұражайын мешітке айналдыруға Заңды мүмкіндік берді.