Hi-Tech
Бүгінгі таңда, электронды кітаптар қағаз бетіндегі кітаптардан көлемінің аздығымен, яғни бір электронды тасымалдаушыға ондаған және жүз мыңдаған кітапты сақтауымен және кітап мәтінін тыңдай алу мүмкіндігі ерекшеленеді. Әлем бойынша ең үздік электронды кітаптар шығаратын компания - Amazon Kindle болып саналады
Amazon Kindle - Lab126 компаниясы тарапынан электронды кітаптар оқуға арналған бағдарламалық-аппараттық платформа. Платформаның — «Kindle» бастап, «Kindle 8» модельіне дейінгі түрлері және «Kindle DX», «Kindle for PC», «Kindle for iPhone», «Kindle for Mac», «Kindle for Android» және «Kindle for BlackBerry» қосымшалары бар. Енді осы танымал компанияның алғашқы 4 түріне тоқталсақ.
Kindle
Ең алғашқы Kindle құрылғылары, 200 кітап сиымдылығы бар жадымен, 2007 жылы Amazon дүкенінде пайда болып, 5 сағаттың ішінде сатылып кеткен. Олардың бағасы 399 долларды құраған. Кейіннен бұл электронды кітаптардың бағасы алдымен 359 долларға, кейіннен 299 долларға дейін арзандаған. Қазір бұл модель сатылымнан алынып тасталған.
Kindle 2
9 қаңтар 2009 жылы Amazon Kindle 2 модельін жариялады. Сатылуы 23 ақпан 2009 жылы 359 доллармен басталды.Жаңа модельде енді 16 түр ашықтық пайда болды, батарейде жұмыс істеу уақыты созылды, 20 % -ға беттің жаңаруы тездетілді, мәтінді оқу мүмкіндігі туды(text-to-speech), құрылғы қалыңдығы екі есеге азайтылды – 9мм болды. Ішкі жадысы 2 Гб болып, SD-карта айырғышы алынып тасталды.
2009 жылдың 9 қаңтарында Amazon Kindle өзінің 2-ші модельін жариялайды. Ол сатылымға сол жылдың 23 ақпанында енеді. Оның алғашқы бағасы 359 долларды құраған. Бұл модельге алдыңғысына қарағанда көптеген функциялар қосылған. Оның ішкі жады 2 Гб болып, SD-карта айырғышы алынып тасталған. Kindle 2-де сондай-ақ 16 түр ашықтық пайда болып, батарейде жұмыс істеу уақыты созылды. 20 % -ға беттің жаңаруы тездетіліп, мәтінді оқу мүмкіндігі туды және құрылғы қалыңдығы екі есеге азайтылып – 9 миллиметрді құрады.
Kindle 3
2010 жылдың 28 шілдесінде жаңа Kindle 3 модельін жариялады. Ол сатылымға үш түрде шықты. Бұл жаңа модельде Wi-Fi модулін және 3G интернетті қабылдау функциясы пайда болды. Яғни, енді оқырмандар арнайы электронды кітаптар орнатып беретін орталықтарға бармай-ақ, интернет желілері арқылы өзіне керекті оқулықтарды жүктеу мүмкіндіктеріне ие болды.
Kindle-дің алдыңғы модельдерімен салыстырғанда, Kindle 3 15% жеңіл және 21% кішкентай. Оның ішкі жады 4 Гб құрайды. Қондырғы TXT, PDF(және AZW, MOBI мен PRC) форматтарымен қамтылған және JPEG, BMP форматтарындағы суреттерді оқи алады.
Қазіргі кезде Amazon Kindle кітаптарын кейбір ТМД елдерінде сатып алуға болады. Әр елге әртүрлі комплектациямен сатылады.
Kindle 4
2011 жылдың 28 қаңтарында Amazon компаниясы Kindle құрылғысының 4 моделін әлемге ұсынды. Оның бағасы 79 доллар және 109 долларды құрады. Бұл модельдің ерекшелігі 6-дюймды E-Ink дисплейінің енгізілуінде. Бұл модельдің ішкі жады 2 Гб құрайды.
Amazon Kindle компаниясының бәсекелестері
Kindle – ге: «Sony Reader», «Barnes & Noble Nook», «PocketBook Reader», «iRex iLiad» және тағы басқа осылар тектес электронды кітап платформалары бәсекелестік туғызады. Бірақ, Amazon Kindle әлемдегі ең танымал және таралымы ең жоғары электронды кітап құрылғысы болып саналады. Kindle 2010 жылыAmazon.comсайтындағы ең үздік тауар атанды. Бүгінде компания электронды кітаптардан бөлек электронды ойындар, фильмдер, музыка және тағы басқа көптеген тауарлар сатумен айналысады.