Weekend
Қазгидромет болжайды
13 шілде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Павлодар облысында желдің екпіні 15-20 м/с артады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. 15-20 м/с жылдамдықтағы жел 25 м/с күшейеді.
Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, Ақмола облысының кей жерлерінде, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық, оңтүстігінде өте қатты ыстық болады.
Атырау облысында, Қызылорда, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Азаттық рухы