Шымкент

Тәртіпке бағынсақ, індет жойылады

Аза тұту күні

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардан тікелей эфир арқылы Қазақстан халқына үндеу жариялап, коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандарды еске алу үшін 13  –  шілде Ұлттық аза тұту күні  деп белгіледі.

“Әрбір азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Бұл күні қай жерде болмасақ та қаза болған Отандастарымызды  еске алуға шақырамын. Біз төзімділік танытып, елімізге қауіп төндірген індетпен күреске күш біріктіруіміз қажет”, – деді Президент.

Бүгінде Шымкентте індетке шалдыққан адамдарға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Сырқатына ем іздеген науқастарға арнайы орындар жеткілікті. Мұндайда дәрігерлердің, медицина қызметкерлерінің еңбегін ерекше атап өтуге тиіспіз.

Президент елдің еңсесін түсірмеу үшін  барлық қажетті шараларды қолға алу қажеттігін атады. Әсіресе, елде қолдан қымбатшылық жасағандарға, дәрі-дәрмек пен азық-түлік бағасын орынсыз көтергендерге қатаң жаза қолданылатынын да ескертті.

Қазір бірлігіміз сынға түскен шақ. Мемлекет басшысының бұл Үндеуі өте орынды дер едім. Ендігі ретте сабырлық танытып, сақтық шараларын бір сәт те естен шығармауымыз керек.

Исамуддин РЫСБАЙ,

Шымкент қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы