Спорт

Сот шешімі: «Манчестер Сити» келер жылы Чемпиондар лигасына қатысады

Сот шешімімен «Манчестер Сити» келер жылы Чемпиондар лигасына қатысатын болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Спорт саласындағы арбитраж соты «Манчестер Сити» футбол клубының апелляциясын қанағаттандырып, еурокубоктарға қатысуға рұқсат берді.

Ағылшын клубы УЕФА шешіміне шағым білдірген болатын. Еске салар болсақ, қаржылық фэйр-плей ережесін бұзғаны үшін команда биылғы ақпанда екі жылға еурокубоктардан шеттетілген еді.

«Манчестер Сити» бүгінгі шешімді қолдайды және осы арқылы клубтың ұстанымы мен біз ұсынған дәлелдер расталды деп санаймыз. Клуб процедураны тиісті тәртіппен жүргізген әрі еңбек еткен комиссия мүшелеріне алғыс айтады», - делінген футбол командасының ресми мәлімдемесінде.

CAS шешімінен кейін «Манчестер Сити» 2020/2021 жылғы футбол маусымында Чемпиондар лигасына қатыса алады. Қазір клуб Ағылшын премьер-лигасында екінші орынға тұрақтады.