Саясат

Мамин мәлімдемесі: 42 500 теңге кімдерге төленеді?

Карантин мерзімі үзарды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Премьер-министр Асқар Мамин шілде айына әлеуметтік жәрдемақы кімдерге берілетінін айтты. 

Маминнің айтуынша, мемлекет басшысының тапсырмасымен шектеу шаралары кезінде табысынан айырылғандарға әлеуметтік жәрдемақыны ең төменгі жалақы мөлшерінде бір айға төлеу туралы шешім қабылдаған. Төлем карантиннің күшейтілуіне байланысты жұмысы шектелген жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өтінімі негізінде жүргізіледі екен. 

Сондай-ақ үкімет басшысы еңбек министрлігіне азаматтардың жекелеген санатына азық-түлікке ақшалай көмек беруді жалғастыруды тапсырды. Бұл санатқа бір миллионнан астам адам кіреді. 

Еске салар болсақ, президенттің тапсырмасымен елімізде карантин екінші тамызға дейін ұзарды.