Саясат
Өтінішін өткен аптада қарастырған болатын
Владислав Челах БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеті шығарған үкім заңды күшіне енген соң Жоғарғы сотқа өтініш тастаған. Өткен аптада сот Челахтың ісін қайта қарау туралы өтінішін қарастырған еді.
Еске сала кетейік, Арқанкерген оқиғасы - 2012 жылдың 31 мамыр күні Қазақстан Республикасының Алматы облысының Алакөл ауданындағы «Арқанкерген» шекара бекетінде болған оқиға. "Шығыс" аймақтық шекара қызметі Үшарал отрядының "Қазақстан-Қытай шекарасында" "Сары бөктер" заставасында 14 шекарашының және бір қорықшының мәйіті табылды, заставадағы "Арқанкерген" постының ғимараты өртеп жіберілген. Аман қалған 15-шекарашы сарбаз Владислав Челах шекара бекетінен 20 шақырым жерде орналасқан қыстаудан табылды. В.Челах тергеу жұмысы барысында басты күдікті ретінде қарастылып, қамауға алынған болатын.
Арқанкерген шекара бекеті - Алматы облысының Алакөл ауданындағы "Шығыс" аймақтық шекара қызметі Үшарал отрядының "Қазақстан-Қытай шекарасында" "Сары бөктер" заставасына қарайтын уақытша бекет. Бекет негізінен жазғы уақытта қызмет етіп, қыс күндері бос тұрады. Негізгі мақсаты - жазғы мезгілде шекарадан өтіп, әртүрлі дәрілерге қажетті шөптерді жинайтын ҚХР азаматтарына тосқауыл қою.
Арқанкерген бекетінің негізгі құрамы 15 адамнан тұрады. Соның шінде 1 офицер, 3 келісімшартпен қызмет ететін сарбаз және 11 қатардағы сарбаздар болатын.