Weekend
Жерлеу рәсімімен айналысатын орталықтар да тапсырыстың бірден үш есеге артқанын айтып отыр
Жерлеу рәсімімен айналысатын орталықтар да тапсырыстың бірден үш есеге артқанын айтып отыр. Бұл туралы КТК хабарлады.
"Мынаны қара! Ана жақта көміп жатыр. Міне, тағы қазып жатыр".
Желіде тараған видеолардағы қаз-қатар тізілген, топырағы кеппеген ондаған мола кімнің де болмасын денесін түршіктереді.
"Болды, толды. Толды, орын жоқ енді, ары кетсе, бір жиырма адамдық қана жер қалды", - дейді тағы бір видеоның авторы.
Бұл зират Талдықорған шетіндегі Еркін ауылында орналасқан деп көрсетілген. Қазір мұндай бейнероликтер желіде желдей еседі.
Алматыдағы Кеңсай зиратының етегі де жаңа қабірлерге толған. Жер қазып жатқан қабіршілер көп. Бейітке ескерткіш тас дайындайтын шеберлер де мұнда беттеген қаралы көштің көбейгенін растап отыр.
Алматыдағы жерлеу рәсімімен айналысатын орталықтың бірі қазір күніне орташа 80 адамды соңғы сапарға аттандырамыз деп отыр. Бұрын бұл көрсеткіш екі жарым есе аз болған екен.
"Бұрын күніне 27-28 адам, 25 адам қайтыс болса, бүгін, мысалы, 80 адам көз жұмды. Бұрын арнайы қорым, бөлек зират болған. Қазір кез келген зиратқа қойып жатырмыз", - дейді Жерлеу рәсімі орталығының өкілі Марат Исмаилов.