Саясат
Көздерін шел басқан шенеуніктердің ісі
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comӘлеуметтік желіде талқыға түскен сүт беретін бұқалардың әңгімесін барша жұртқа жайып салған шымкенттік қоғам белсендісі Бақытжан Көпбаев Sn.kz порталына пікір білдірді деп хабарлайды Bugin.kz.
«Мемлекет сүт беретін сиырларға субсидия береді. Әрбір сиырдың және әрбір бұқаның өз номеры бар. Бірақ сол субсидия алатын сиырлардың тізімінде бұқалардың да нөмірі жүр. Яғни, оларды сиыр деп көрсеткен және олардың әрбірі тәулігіне 30 литр сүт береді депті. Бұл салада былық көп, алдағы уақытта барлығын тізбектеп айтып беремін», – дейді Б.Көпбаев.
Бақытжан Көпбаев аталған іс бойынша шенеуніктермен соттасқанын айтты. Сонымен қатар, құжаттарды жариялағаным үшін сотқа бару керек болса, баруға дайынмын деп отыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61