COVID-19

Қытайдан әкелінген маскаларға инфекция жұқтырылғаны рас па?

Министрлік түсініктеме берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қытай халық республикасынан гуманитарлық көмек ретінде әкелінген маскаларға коронавирус инфекциясы жұқтырылған деген аудиожазбаны фейк деп атады.

Ведомствоның хабарлауынша бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

Сондай-ақ комитет өзге де елдерден келген барлық медицина заттары мен дәрі-дәрмектің белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігі мұқият тексеруден өтетінін айтты.

Денсаулық министрлігінің комитетінің айтуына қарағанда, аталған жағдай бойынша ақпаратты таратушының жеке басын анықтау үшін іс ішкі істер органдарына берілді. Сонымен қатар ол азаматтардан әлеуметтік желідегі шындыққа жанаспайтын ақпаратқа сенбеуді және тек ресми дереккөздерге сенуді сұрады.

Айта кететін жайт, жалған ақпарат таратқан азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың қан плазмасы негізінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина әзірленетіні туралы ақпарат тараған еді. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ақпаратты жоққа шығарды.