Экономика
Елде экономиканы әлсіретпеудің он тетігі дайындалады
Жағдай күрделенетін болса, Ұлттық банк пен үкімет бірге әрекет ететін болады. Жоба жоспары экономикалық саясат кеңесіне жолданды. Оның негізінде стратегиялық инвесторлармен жұмысты анықтау, мемлекеттік бюджетті арттырудың тың бағыттарын қарастыру, қарапайым заттар экономикасына көңіл бөлу жайы қамтылған. Ал бизнесті талдау орталығының сарапшысы экономист Мақсат Халықтың айтуынша, қазір жұмыссыздардың нақты санын анықтау керек. Өйткені ұлттық экономика, Еңбек министрліктері мен жұмыспен қамту орталықтарындағы статистика біртекті емес. Сондай-ақ алғашқы төтенше жағдай кезеңінде қолға алынған қолдау шаралары жетілдірілуі қажет. Дағдарысқа қарсы амалдың екінші пакетін дайындау өте өзекті. Әсіресе шағын және орта бизнесті сақтауға күш салу керек. Ел аумағында 1 млн 600 мың шағын және орта бизнес тіркелген. KPMG аудиторлық компаниясы олардың 300 мыңы жұмысын тоқтатқанын хабарлады. Тағы млн-ы банкрот алдында тұр.
Еліміздегі коммерциялық банктер мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алып жатыр. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы төрағасының орынбасары Андрей Цалюк айтты.
Мемлекеттік бюджет дефицитін жабу не ірі жобаларды қаржыландыру мақсатында шығаратыны мемлекеттің құнды қағаздарды 2017-2019 жылдары Ұлттық банк пен бірыңғай зейнетақы қоры алып келген. Ал биыл екінші деңгейлі банктердің табысы 28 процентке артты. Сондықтан олар соңғы бес жылда жоламаған құнды қағаздар нарығына белсенді еніп жатыр. Биыл елімізде 1 трлн теңгенің құнды қағазы шығарылады деп жоспарланған.
Әлемдік қарыз биыл 1 трлн доллардан асуы мүмкін. Сарапшылар пандемия кезеңінде қаржылық ахуалын реттеу үшін мемлекеттер осындай қадамға баратынын болжады. Олар 900 белді фирмалардың 5 айдағы корпоративтік қарызын саралап көрген. Сөйтіп, жаһандағы қарыз 12 процентке артып. 9,5 трлн долларға жетуі ықтимал. Қазірдің өзінде әлем елдері індетпен күрес әрі экономика шатқаятатпас үшін 11 трлн доллар жұмсапты. 72 мемлекеттің халықаралық валюта қорынан қыруар қаржы алғаны белгілі. Биыл барлық елдің мемлекеттік қарызы жаһандық ЖІӨ 101,5 процентін құрап, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі рекордты жаңартады.
Коронавирус пандемиясы ешкімге оңай соқпағаны анық. Еліміздің сыртқы қарызы бұл кезеңде еселеніп кеткен болар?
– Осы бір жылда еліміздің сыртқы берешегі 5 млрд долларға азайды. Сөйтіп, шет елдерге шамамен 153 млрд доллар қарызбыз. Бірақ Нидерланд, Ұлыбритания, Қытай, Гонконг және Ресейден алған берешегіміз едәуір қысқарған. Ал Бермуд аралдары және Германия сәл көбейіпті. Соңғы бес жылда еліміз 86 млрд доллар сыртқы қарызын қайтарды.
Германияның әлеуеті әлі қалпына келмеген. Экономиканы тірілту әрекетінің нәтиже бермегені сарапшыларды алаңдатып қойды. Мамырда алдыңғы айға қарағанда өндіріс көлемі 10,3 процентке артқан. Әсіресе, машина жасау және қызмет көрсету саласы қарқындады. Жылдың екінші тоқсанында ЖІӨ тағы да құлауы ықтимал. Бірақ үшінші тоқсанда жағдай реттеледі. Бастысы, неміс тауарларына сұранысты арттыру керек. Өйткені өнімділік 75 процентке қалпына келтірілгенмен, сатылым көрсеткіші әлсіз. Қазір елдегі 69 мың адам жұмыссыз қалып отыр. Алдағы уақытта еңбек нарығындағы ахуал қалпына келуі екіталай.