Экономика

42 500 теңге төлемақыны кімдер және қалай алады?

Сұрақ-жауап

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

42,5 мың теңге төлемақыны кімдер және қалай алады? Оқырмандардың сұрақтарына қысқаша жауап.

Төлемақыны қалай алады?

– Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жалдамалы жұмысшылар үшін 42 500 теңгеге өтінішті тек жұмыс берушісі беретінін айтты.

42 500 теңге кімдерге төленеді?

– Аталған қаржылай көмек ТЖ кезіндегі ереже бойынша беріледі. Яғни табысынан айырылған азаматтар, оның ішінде жалдамалы қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға.

Әлеуметтік төлемге өтініш білдірудің қандай жолдары бар?

– Біржан Нұрымбетов бұл жолы да өтініш берудің үш жолын атап айтты:

1. 42500.enbek.kz порталы;

2. Egov электрон үкімет порталы;

3. Өз бетінше жұмыспен қамтылған жеке тұлғалар үшін телеграм боттар.

Бұл порталдар 17 шілдеден бастап жұмыс ітейді.

42 500 теңге алу үшін қайтадан бірыңғай жиындық төлем талап етіле ме?

– Біржан Нұрымбетов: «Бұл жолы өтініш тастап, БЖТ-ні ай сайын төлеп жүргендерге сұрақ жоқ, ал ТЖ кезінде бір рет төлегендерді өз тарапымыздан жүйелермен тексеріп аламыз. Біздің жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысып жүр ме немесе зейнетақы, жәрдемақы алып жүр ме дегендей».

Жаңалықтар