Саясат

Карантинде кімдер қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін?

Министр карантин кезінде кімдер қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін екенін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әділет министрі Марат Бекетаев карантин кезінде той жасаймын дейтіндерге ескерту жасады.

Министрдің айтуынша, той өткізетін адамдар әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы ("халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саладағы заңнама талабын бұзу") бойынша жауапқа тартылады.

"Бірінші рет болса, шамамен, 83 000 теңге көлемінде айыппұл салынады. Ондай шара адамдардың ауруға жаппай шалдығуына себеп болса, айыппұлдың көлемі әлдеқайда көп болады", - деді Бекетаев бүгінгі онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, қонақтар инфекцияны жаппай жұқтырғаннан кейін науқастардың біреуі қайтыс болса, тойдың иесі қылмыстық жазаға да тартылуы мүмкін.

Айта кетейік, қазіргі карантин кезінде кодекстің 462-бабы да қолданылады. Оған сәйкес, жеке тұлғаларға – 3-7 АЕК (1 АЕК - 2 778 теңге), лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 10-200 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 20-300 АЕК, ал ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50-400 АЕК көлемінде айыппұл салу қарастырылған.

sputniknews.kz