Шымкент

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов тойханаларға ұсыныс жасады

Кәсіпкерлік

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов тойханаларға әзірге ресторандар секілді жұмыс істеуді ұсынды.

– Тойханалар ресторан секілді ашып жұмыс істеңіздер. Біз түсінеміз. Тойханалардың жұмысының тоқтап тұруы талай шығын. Бірақ ең бастысы – адам денсаулығы. Тойхана ашылып той өткізер болса квимен ауыратын бір адам тойға келген 300 адамға жұқтырады. Ол 300 адам үйіне барады. Бала-шағасы бар. Үйіндегілердің ауру жұқтыруына себеп боп одан 1200-ге, тіпті 2000- ға дейін өсіп кетуі мүмкін. Содан қаланың бар тұрғынын ауыртып алсақ бұл жақсылыққа апармайды, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Қауіпті індетке байланысты екі жарым айдан бері жұмысы тоқтап тұрған тойхана иелеріне бұл пікірді Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы «Бизнеске арналған Үкімет – Shymkent Invest» кеңсесінің жаңа форматта ашылуы кезінде кәсіпкерлермен кездесуі барысында айтты.

Жаңа форматтағы кеңсе кәсіпкерлерге бір көзден орталықтандырылған мемлекеттік және сервистік қызметтерді жедел алуға көмектеседі. Мұнда нишалық жобаларды сүйемелдеу, жеңілдетілген 1% несие беру, «1000 сауда орны» бағдарламасы бойынша жер учаскелерін алу және қаржы секторы, тауарды жылжыту, инвестиция, цифрлық, құқықтық, компетенция және мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Осылайша, кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін бірыңғай хаб құрылады. Сонымен қатар, мұнда бастауыш кәсіпкерлерге «Бизнес-мектеп», «Бастау-бизнес» оқыту бағдарламалары бойынша кәсіпкерліктің негізі оқытылады.