COVID-19

Елдегі коронавирус жұқтырғандар саны 67 мыңға жетті

КВИ жұқтырғандар 1,7 мың адамға артты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

16 шілде күні Қазақстанда 1707 адам коронавирус жұқтырды. Олардың ішіндегі 925 адамда ауру белгілері болған. Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі айтты.

Алматыда 282 адамның, Нұр-Cұлтанда 214 адамның және Атырау облысында 181 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысында тіркелді – COVID-19 белгілері 20 адамнан ғана табылған. Дәл қазіргі уақытта Қазақстанда барлығы 66 895 адам коронавирус жұқтырған. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан Беларусьтен озып 29-орынға шықты.

Аймақтар бойынша жағдай мынадай:

Атырау облысы - 8696 (+181),

Алматы қаласы – 8541 (+282),

Нұр-Сұлтан қаласы -7567 (+214),

Қарағанды облысы – 6672 (+128),

Батыс Қазақстан облысы - 4435 (+108),

Шымкент қаласы – 4306 (+55),

Шығыс Қазақстан облысы – 3639 (+130),

Алматы облысы - 3436 (+57),

Ақтөбе облысы - 2649 (+51),

Жамбыл облысы - 2522 (+89),

Түркістан облысы - 2391 (+20),

Маңғыстау облысы - 2205 (+53),

Павлодар облысы - 2110 (+83),

Қызылорда облысы -2066 (+93),

Солтүстік Қазақстан облысы - 2005 (+65),

Ақмола облысы - 1857 (+45),

Қостанай облысы - 1798 (+53).