COVID-19

Қазақстанда коронавирус пен пневмония статистикасы бірге есептеледі

Cтатистика бірге есептеледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда коронавирус пен пневмония жағдайларының статистикасы бірге есептелетін болды.

Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

«Коронавирус жағдайлары бойынша жалпы статистикадан бөлек пневмония жағдайларына да көңіл бөлу керек. Осыған байланысты коронавирус пен пневмония деректеріне қатысты барынша ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі статистикалық деректермен ақпараттандыру үшін жаңа әдіс бойынша жұмыс істейтін болады», - деді.

Енді зертханалық түрде дәлелденген коронавирус жағдайлары мен ПТР-тесті теріс нәтиже көрсеткен, бірақ клиникалық және эпидемиологиялық түрде коронавирустың белгілері бар пнемония жағдайлары бірге есептеледі.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы пандемияның статистикасын біріздендіруді тапсырған болатын.

24.kz