Экономика
Биыл іске асатын жобалар
Ерлан Сағадиевтің айтуынша, 2019 жылы 5 мың орын пайдалануға беріледі. Қазіргі кезде, 3 жарым ай ішінде 11 мыңнан астам орынға 20 өтініш келіп түскен. 6500 орынға 12 шарт жасалған. Олардың көбі салына бастаған. Қазрігі есеп бойынша 5000 орын толығымен биылғы жылы беріледі. Осы айдың соңына дейін 4600 орынға 8 шарт жасау жоспарлануда. Ол келесі жылы берілетін жобалар.
Оның айтуынша, жоба іске асқаннан бастап білім беру ұйымдары өз қаражаты есебінен 3 мыңға жуық орындық 10 жатақхананы өздері салып пайдалануға берді. Олар: Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.
«Жалпы, 2022 жылдың соңына дейін 75 мың жаңа орынды пайдалануға беру үшін барлық жағдай жасалған. 170 жер учаскесі анықталған. Олардың 121-і білім беру ұйымдарына тиесілі, 49-ын әкімдіктер бөлген. 27 ұйым жобалық-сметалық құжаттама әзірледі, 62-сі әзірленіп жатыр. Біз әзірленген және үлгілік ЖСҚ банкін құрдық, оны жобаның жаңа қатысушылары пайдалана алады», - деді Ерлан Сағадиев.