COVID-19
Белгілі продюсер өмірден өтті
Қаралы хабар туралы композитор Төлеген Мұхамеджанов жазды. Мұрат Ерғалиев 63 жаста болған.
"Менің досым - біздің әндерімізді насихаттау үшін өмірін, күшін, энергиясын берген адам, талант өмірден озды. Жас кезінен бастап ол ерекше қиялымен және телеарнада түрлі қызықты бағдарлама, сондай-ақ "Азия дауысы", "Жас қанат" секілді үздік жобаларды, шетелдік әртістердің қазақтың әндерін орындайтын халықаралық конкурсы "Астана" және басқаларды ұйымдастырудағы айрықша шығармашыл жолымен есте қалды. Ал қаншама әртісімізге: Димаш Құдайберген, Медеу Орынбаев, Толқын Забированың шығармышылық тағдырына жол ашты", - деп жазды Мұхамеджанов Facebook желісіндегі парақшасында.