COVID-19
Қарапайым тұрғындар қытайлық дәрі-дәрмек сатып жүр
Бұл арнайы мониторингтік топтың тексеру жұмыстары барысында тек қытай тілінде жазылған бірнеше қораптар бар. Ал ол қораптардың ішінде дәрілік заттар ма, әлде басқа ма ол жағы анықталып жатыр. Сонымен қоса кейбір жеке тұлғалар тұрғындарға уақыты өтіп кеткен дәрілерді де сатып келіпті. Қазір заң бұзған дәріханалар мен жеке азаматтарға әкімшілік іс бойынша айыппұл салынды.
«Жеке тұлғалардан заңсыз сатып жатқан дәрілерді алмауға кеңес береміз. Себебі әрбір дәрілік заттың сақтау мерзімі, ережесі мен талаптары болады. Ал жеке тұлғалар дәрі саудасымен айналысқан бұл шарттарды орындамайды», – деді Қызылорда облысының тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.
Бұған дейін Атырауда коронавирустан емдемек болған жалған емші ұсталғаны жайлы айтылған еді.