Weekend

Бірнеше өңірде дабылды ескерту: Бүгінге арналған ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін, 20 шілде күні елдің басым бөлігінде жауын жауып, жел күшейеді, күн күркірейді.

Оңтүстік пен батыста жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болады.

Кейбір өңірлерде аптап ыстық сақталады. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада 20 шілде күні жауын-шашын болмайды. Күндіз 31-33 градус, түнде 15-17 градус.

Алматыда күндіз 33-35 градус ыстық, түнде 23-25.

Шымкентте күндіз 36-38 градус, түнде сынап бағанасы 22-24 нөлден жоғары болады.

Дабылды ескерту

Жамбыл облысында 20-22 шілде күндері күн күркірейді, дауыл болады, солтүстік-батыс желінің жылдамдығы секундына 15-20 метр.

Солтүстік Қазақстан облысында 20 шілде күні күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-шығыс желінің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Қарағанды облысында 20-21 шілде күндері күн күркірейді, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетуі мүмкін.

20-21 шілде күндері оңтүстікте 38 градусқа дейін аптап ыстық болады.

Қарағандыда 20 шілде күні солтүстік-шығыс, шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді.

Жезқазғанда күндіз 20-21 шілде күндері 36-38 градус ыстық болады.

Қостанай облысында күн күркіреп, бұршақ жауады. Аптап ыстық 35-38 градус.

Қызылорда облысында 40-42 градус ыстық, өрт қаупі жоғары.

20 шілде күні Түркістан облысында шаңды дауыл болып, күн күркірейді.