Саясат

Желіде Шаханов қайтыс болды дейді - орынбасары жазба жариялады

Желіде Шаханов туралы хабар таралып жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлеуметтік желіде Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шахановтың дүниеден өткені туралы хабар тарады. Ақынның "Жалын" журналындағы орынбасары Құдияр Біләл бұл ақпараттың жалған екенін хабарлады.

"Кей ағайын әлеуметтік желі бетінде "Мұхтар Шаханов дүниеден озыпты" деп хабар таратуда. Басын ашып айтайық, жаңсақ хабар. Ағамыз дін аман. Қазір ғана сөйлестік. Сондықтан өтірік ақпарды таратуды тоқтатайық", - деп жазды Біләл Facebook парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Мұхтар Шахановтың екі өкпесі қабынып, үшінші шілдеде ауруханаға түскені хабарланды.

"2 шілдеде Мұхтар Шахановтың туған күні болды. Соны редакцияда кішігірім атап өттік. Оның алдында шамалы мазасы болмай жүрді, бірақ қатты ауырған жоқ. Жөтел секілді аурудың белгілері болмады. Өзі үнемі қозғалыста жүретін адам болған соң кейінгі кездері көп демалғысы келе берді", - деген болатын Шахановтың орынбасары.

Кейіннен Құдияр Біләл ауруханада Шахановқа ерекше көңіл бөлінбей жатқанын айтып мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазды.

Ол Мұхтар Шаханов Алматы қаласындағы "Қалқаман" ауруханасында емделіп жатқанын айтты. Ауырғанына бір аптадан асқанын, емдеу шаралары әлі күнге дейін оң нәтиже бермегенін жеткізген болатын. Құдияр Біләл аурухана әкімшілігі Мұхтар Шахановты ауруға шалдыққан көп адамның бірі ретінде ғана қабылдап жатқанын айтты.

sputniknews.kz