COVID-19

Ресейлік шенеуніктер коронавирусқа қарсы вакцинаны сәуірде салдырып алған – Bloomberg

Bloomberg хабарлайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей Федерациясының ондаған бизнес және саяси элита өкілдері COVID-19-ға қарсы эксперименталды вакцинаға ерте қол жеткізген. Бұл туралы Bloomberg агенттігі жазды.

Басылымның мәліметінше, United Co. Rusal алюминий гигантының жетекшілері мен басқа да компания басшылары, шенеуніктер  сәуір айында-ақ Гамалея атындағы Ұлттық зерттеу институты дайындаған вакцинаны салдырған. Bloomberg ақпаратты аталған бай-бағландар мен саясаткерлер арасындағы өз дереккөздеріне сүйеніп таратты. Бірақ олар ақпарат жасырын болғандықтан, өздері туралы деректі жариялаудан бас тартыпты. Дегенмен саяси элита қатысқан сынамалық бағдарлама толығымен заңды. Екпе тегін.

Ресей тікелей инвестициялар қоры қаржыландырып, әскерилермен бірге дайындалып жатқан «Гамалея» вакцинасы өткен аптада сынаманың бірінші фазасын өткізген. 40-тан астам адам қатысқан тәжірибенің нәтижесі жарияланған жоқ. Бірақ жоғарыда айтылған қордың басшысы Кирилл Дмитриев пен оның отбасы мүшелері де екпе салдырғанын, оған басқа да еріктілердің мүмкіндігі болғанын айтқан. Мамыр айында «Сбербанк» қызметкерлері вакцинаны өздерінде сынауға келісім бергені туралы мәлім болған еді.

Екпе салдырған топ-менеджерлердің бірі вакцинаның ағзасына кері әсерін байқағанымен, дұрыс өмір сүріп, іскерлік кездесулер өткізгісі келетіндіктен, тәжірибеге келіскенін айтқан. Өзге де қатысушылардың буындары қалтырап, бұлшықеттері ауырған.

Bloomberg-тің жазуынша, Кремль Владимир Путин мен президент әкімшілігінің басқа да мүшелері вакцина салдырған-салдырмағаны туралы басылымның сауалына жауап бермеген.

Айта кетейік, Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 770 000-нан асып жығылды. Тікелей инвестициялар қоры басшысы 3 тамызда сынаманың 3-фазасы басталатынын хабарлады. Осылайша, ел вакцинаны қыркүйекте ұлттық деңгейде таратып, COVID-19 емін тапқан алғашқы ел болуа үміттеніп отыр.

Азаттық рухы