COVID-19

ДДСҰ: Карантин коронавирусты тоқтатуда қауқарсыз

ДДСҰ карантиннің қауқарсыз екенін жариялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тедрос Гебреисус карантиндік шаралар коронавирустық инфекцияның таралуын баяулатуға ғана көмектеседі деп мәлімдеді.

Бірқатар елде енгізілген карантиндік шектеулер коронавирустың таралуын толығымен тоқтата алмайды. Бұл туралы брифинг барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус мәлімдеді деп жазады korrespondent.net.

Оның айтуынша, карантиндік шаралар инфекцияның таралуын баяулатуға ғана көмектеседі. ДДСҰ басшысы вирустың таралуына қарсы күрестің негізгі құралдарының бірі контактілерді қадағалау, анықтау және оқшаулау екенін айтады.

Вирустың қайда екенін білмесе, бірде-бір ел өз аумағындағы індетке бақылау жасай алмайды, - деді Гебреисус.

Сондай-ақ ол әлеуетті вирус жұқтырғандарды қадағалауға көмектесетін мобильді қосымшалардың маңызды рөлін атап өтті. Бұл ретте ұйым басшысы вирустың берілу тізбегін бұзу үшін инфекция жұқтырған және байланыста болған адамдарды іздеуде "бір есіктен екіншісіне баратын" оқытылған қызметкерлерді мобильді қосымшалардан басқа ешнәрсе алмастыра алмайтынын атап өтті.

Байланыстарды қадағалау кез келген жағдайда әрбір ел үшін қажет. Бұл жекелеген жағдайлардың кластерлерге, ал кластерлер – вирустың қоғамда одан әрі таралуына жол бермеуі мүмкін, - деп түйіндеді ДДСҰ басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Тедрос Аданом Гебреисус әлемнің көптеген елінде COVID-19-бен күрес дұрыс ұйымдастырылмағанын хабарлаған еді.

baq.kz