Білім және ғылым

Аймағамбетов: Мектеп мұғалімдерінің жалақысы көтеріледі

Аймағамбетов мұғалімдердің жалақысының көтерілетінін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқуға байланысты мұғалімдердің жалақысы қысқармайтынын, керісінше 2021 жылдың қаңтарынан бастап көтерілетінін айтты.

"Мұғалімдерге көп салмақ түсті. Кей жерлерде керісінше салмақ азайды деген пікірлер айтылады, бірақ жұмыстары еселеніп кеткен. Жақында мұғалімдерді ақысыз демалысқа жібереді деген пікір болды, біз бұл бойынша жедел әрекет еттік, біздің ойымызша, педагог тамызда да бұған дейін қанша алды, сонша алуы керек", - деді Аймағамбетов.

Министр мұғалімдердің жалақысын азайту үшін қашықтан оқуды сылтау еткісі келгендер болғанын айтты.

"Мен онымен келіспеймін. Біз қашықтан оқу мұғалімнің жалақысына әсер етпеуі керек деген шешім шығардық. Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша педагогтердің жалақысы көтерілді. Қыркүйектен бастап "Педагог мәртебесі" заңына сәйкес қосымша үстемақы болады, ол да мұғалімдер үшін айтарлықтай көмек. Енді қаңтардан бастап әріптестеріміздің жалақысы 25 пайызға өседі", - деді министр.

tengrinews.kz