Weekend

Алдағы күндері күн суытып, жаңбыр жауады

Ауа райы болжамы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

23-25 шілде аралығында Қазақстанда күн суытып, нөсер жауын жауады.

Синоптиктердің мәліметіне қарағанда, солтүстік-батыс циклоны Қазақстан аумағына жаңбыр әкеледі. Елдің солтүстік бөлігінің кей жерінде нөсер жауын болады, кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл, қатты жел соғып, бұршақ жауады, ауа температурасы төмендейді.

Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының өзгеруіне байланысты ескерту жарияланды: 23 шілде күні күн күркіреп, бұрқасын болады, солтүстік-шығыс және шығыстан жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді екен.