Экология

Обалсыз жандарға обалсыз жаза

Қоқыс

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қоңыр салқын күзбен бірге көңіл жарқын жаңалық келеді. Шошқадай айналасына олақ қарап, жан жағын былғап жүргендерді тәртіпке салатын заң қаралмақшы. 

Бұл жайында экология және табиғи ресурстар министрі Макзум Мырзагалиев прес-конференцияда айтты. 

Министр сөзінше, заң бұзушыларға артын жинағаннан гөрі айыппұл төлегендері оңай екен. Президентпен бақұлдасқан министр заң барынша қатал болатынын, және бұл президент жарлығы екенін айтты. Заң жобасы күзге таман талқыланып енгізілмек. Бұған дейінгі шаралар өз жемісін бермеген екен. 

Министр және де блогерлер мен журналистерге, әрбір жанашыр жандардан дұрыс әдет қалыптастыруға көмектесулерін өтінді. Ал тұрғындардан барынша ластамауды сұрады. Мырзагалиев сөз соңында адам өз ісінің айнасы екенін, жер ұрпаққа қалдырар басты мұрамыз екенін нақтылады.