Шымкент
Инфрақұрылым
Шымкенттің шалғайдағы аудандарының инфрақұрылым мәселелері шешімін таппақ.
Шымкент қаласы бойынша 53 шағынаудан шалғайда орналасқан. Бүгінде бұл аймақтарда инфрақұрылым тарту жұмыстары қарқынды жүруде. Мәселен, Тұран, Батыс, Ынтымақ-2, Жаңатұрлан, Асар-2 шағынаудандарын сапалы ауызсумен қамту бойынша бюджеттен 5 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлініп, тиісті шаралар атқарылуда. Жыл соңына дейін Игілік, Қызылжар, Тәуелсіздікке - 20 жыл, Көкбұлақ, Абдулабад, Өтеміс, Базарқақпа шағынаудандарында құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрғындар ауызсуға қол жеткізеді.
Сонымен қатар 2025 жылға дейін шаһардағы 41 шағынауданға сапалы электр қуаты тартылады.
- Биыл 12 нысанға қаржы бөлініп, құрылыс жүруде. Жыл соңына дейін 7 нысанның құрылысы аяқталып, 14 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылады, - деді энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы басшының міндетін атқарушы Н.Жаманкөз
Сондай-ақ кәріз жүйесін тарту бойынша 4 нысанда құрылыс жұмыстары жүруде. Жыл қорытындысымен бір магистралдық кәріз коллекторының құрылысы аяқталып, 12 мың тұрғыны бар 5 шағынаудан (Тоғыс, Жыланбұзған, Елтай, Бадам, Маятас) кәріз жүйесіне қосылады.
Ал 2025 жылға дейін қаладағы 40 шағынаудан табиғи газ жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Келер жылы 2771 тұрғын үйге табиғи газ жүйесі тартылып бітеді.