Шымкент

Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Акция

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкенттік полиция департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 15-18 маусым аралығында "Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!” республикалық акциясын өткізді.

Аталған акцияның мақсаты-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, осы бағытта қабылданып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту, қоғамдағы құқықтық тәрбиені насихаттау.

Акция аясында Абай және Еңбекші аудандарының полиция басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары аудандық аппараттардың қызметкерлерімен бірлесе отырып, "Ана үйі", "Сенім ай", "Самғау Сенім" көмек орталықтарындағы әйелдерге қайырымдылық көмек көрсетті. Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы дайындалған жадынамалар таратылды.

Абай және Қаратау аудандық полиция басқармаларының жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері "Ана үйі" қоғамдық қорының және "Қызыл-ай" қоғамының дағдарыс орталығының әйелдерімен кездесіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары туралы әңгіме өткізді.

Сонымен қатар, мұндай насихаттық, түсіндіру жұмыстарынан бөлек, Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары, "Сана-Сезім" әйелдер бастамаларының құқықтық орталығының өкілдері, "Самғау сенім" арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының мамандары аталған тақырып аясында дөңгелек үстелде жиналып, мәселені шешу жолдарын қарастырды.