Шымкент

Төтенше жағдайда кәсіпкерлерді қолдау

Карантин

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елімізде коронавирус індетіне байланысты төтенше жағдай жарияланғада Президентіміз кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған бірқатар шараларды айқындаған.

Қазіргі таңда Мемлекеттік кірістер органдары тарапынан көрсетілетін 44 мемлекеттік қызметтің 37 түрі (84,09%) электронды нұсқаға ауысқан. Яғни бұл қызметтерді интернет арқылы үйде отырып алуға болады.

Сонымен қатар, санитарлық норманы, әлеуметтік арақашықтықты сақтау мақсатында, барлық Мемлекеттік кірістер органдарында Контакт-орталықтар құрылған. Яғни, адамдар осы орталық арқылы хабарласып, салық салу мәселесіне қатысты туындаған кез келген сұрақтарға тиісті жауаптар ала алады.

Ал егер де, қызметті электронды түрде алуға мүмкіндік болмаған жағдайда Мемлекеттік кірістер басқармасының кеңсесіне алдын ала хабарласып, жазылып қою қажет.

Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер басқармаларына жолдаған өтінімдер мен сұрау хаттардың орындалу барысы туралы мәлімет де Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ресми сайтында беріледі. Ал дайын құжаттар өтінімде көрсетілген элекронды поштаға жолданады.

ҚР Президентінің «Экономиканы тұрақтандырудың одан әрі шаралары туралы» 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығына сәйкес, салық төлеушілерге біраз жеңілдіктер қарастырылды. Атап айтқанда:

- Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер - ірі сауда объектілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер мен дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары бойынша мүлік салығынан, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері бойынша жер салығынан, жалпы белгіленген тәртіппен жұмыс істейтін дара кәсіпкерлер – жеке табыс салығынан 2020 жылдың 31-желтоқсанына дейін босатылады;

- Ірі сауда объектілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер мен дене шынықтыру-сауықтыру, спорт ғимараттары және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері бар салық төлеушілер үшін – барлық салықтар бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемелері бойынша өсімпұлдарды есептеу 2020 жылдың 15-тамызына дейін тоқтатылды және салық есептілігін тапсыру мерзімі 2020 жылдың ІІІ тоқсанына ауыстырылды;

2020 жылғы 1 қазанға дейінгі кезеңге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы №145 қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне қосылған тауарларды өткізу және оларды импорттау кезінде қосылатын құн салығының мөлшерлемесі 8 % мөлшерінде белгіленді.

Қазақстан Республикасының аумағында экспортқа өткізілетін бензин (авиациялық керосинді қоспағанда), дизель отыны бойынша акцизделетін тауарларды өндірушілер 2020 жылғы 31 желтоқсанына дейін акциз төлеуден босатылады.

2020 жылы туризм, қоғамдық тамақтану және қонақүй саласында қызмет көрсететін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық мөлшерлемелері «0» коэффициент болып бекітілді.