Шымкент
Кәсіпкерлік
Шымкент қаласында 2020 жылдың қаңтар-сәуір айларында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда артты.
Биыл ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 7,4 млрд. теңгені құрап отыр. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 1 миллиард теңге, мал шаруашылығы – 6,2 млрд. теңгені құраған. Осы уақыт ішінде 4 мың тоннадан астам ет, 13,3 тонна сүт және 48,6 млн. дана жұмыртқа өндірілді.
Мал шаруашылығын дамытып, өнім көлемін арттыру мақсатында жалпы сомасы 2,3 млрд. теңгені құрайтын 7 ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Жоба аясында жыл соңына дейін қосымша 1,5 млн. литр сүт, 40 млн. дана жұмыртқа, 2,2 мың тонна құс еті, 2 500 тонна ет өндіріліп, 210 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.
Аталған бағыттағы жұмыстарды жүргізуге субсидиялау бағдарламасымен бюджеттен 1140,7 млн.тг қаржы қаралған.