Шымкент

Егістіктен дүкен сөресіне дейін

Кәсіптің нәсібі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Егістіктен дүкен сөресіне дейін» бағдарламасын әзірлеу үстінде.

Жеке қосалқы шаруашылықтар, шаруа қожалықтары, өнім дайындаушылар, қойма иелері, қайта өңдеушілер, қосалқы заттарды жеткізушілер, бөлшек сауда объектілерінің бір тізбекке бірігуінің қажеттілігін көрсетті.

- Шағын шаруа қожалықтары және өзіндік қосалқы шаруашылықтың (ЛПХ) ауыл шаруашылығы шикізатының бүгінгі таңда қандай көлемін экономикалық айналымға тартуға болатынын және олардың өндірісін ұлғайту бойынша қандай перспективалар бар екендігін анықтау қажет. Сонымен қатар, бағдарлама әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыруға, өзіндік қосалқы шаруашылықтың (ЛПХ) көлеңкелі экономикадан шығуына және тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді,- деп түсіндірді Шыменкент қаласы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінде.

Осы аталған бастамаларды қаржылай қолдау көрсету мақсатында өзіңіздің қолдауыңызбен кәсіпкерлік басқармасымен бірлесіп микро қаржы ұйымын құру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

Микро қаржы ұйымын аясында кәсіпкерлік субъектілеріне, ауылшаруашылық нысандарына, ЛПХ-ларға 4%-дық несиені 7 жылға дейін беруді қарастырып жатырмыз. Әрбір субъектіге максималды 50 млн.теңге берілетін болады.

Өз кезегінде кәсіпкерлер палатасы  ұсынылып жатқан бағдарлама аясында барынша қолдау көрсетуге дайын. Кәсіпкерлерді және тиісті органдардың бағдарламаға белсенді қатысуына шақырамыз.