Шымкент

Игі істері үшін марапатталады

Жанға жылу

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкенттік ерікті жастары өздерің қайырымдылық істері үшін мемлекеттік наградалармен марапаттауға ұсынылады.

Шымкент қаласы бойынша 20-дан астам еріктілерден құралған қоғамдық ұйым бар. Ондағы 3000 жуық волонтерлер елдегі төтенше жағдай кезінде аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пен дәрі-дәрмек үлестіруде белсенділік танытты.

Жыл басынан бері қаладағы волонтерлық ұйымдар, ерікті жастар, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалымен «Ізгілікте жарысайық», «Жанға жылу», «Қамқор», «Мейірім», «Біргеміз» акцияларымен бірге 100-ден астам шаралар ұйымдастырды. Аз қамтылған 7245 отбасыға азық-түлік, 333 отбасыға дәрі-дәрмек, 1 млн астам бетперде мен антисептиктер таратылды. Волонтерлармен бірлесе отырып, «Біргеміз Sabaqtastyq» бағытында №4, №3 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «Тәлімгер жобасы» жүзеге асырылуда.

Мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қиындықты бірге еңсеруді мақсат тұтқан волонтерларға қалада қоғамдық көлікпен тегін жүру де қарастырылмақ.

– Алдағы уақытта 500-ге жуық ерікті қаладағы қоғамдық көліктерде тегін жүреді. Оған қоса Шымкент қаласының үздік еріктілері мен ұйымдары жыл қорытындысында арнайы алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталады, – деді басқарма басшысы.