Министр Тұрғымбаев Сәтбаевтағы толқу туралы мән-жайды баяндады - на bugin.kz
Bugin.kz - на bugin.kz Bugin.kz

Сәтбаевтағы толқу

Сәтбаев қаласында бес жастағы қызды зорлады деген күдікпен ер адам қамауға алынды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.

Министрдің айтуына қарағанда, 23 шілде күні кешкі сағат тоғызда Сәтбаевта ішкі істер басқармасына бес жастағы қыздың жоғалып кеткені туралы арыз түскен. 

Іздестіргеннің нәтижесінде бүлдіршін қаладағы үйлердің бірінен табылыпты.

"Жас қызды зорлады деген күдікпен ер адам қамауға алынды. Бірақ бірнеше адам күдіктіні өздеріне беруді талап етіп, жанжал шығарды. Бұзақылық жасап, полицейлерге қарсылық танытты", - деді Тұрғымбаев.

Қалада тәртіпсіздік болдырмау үшін қосымша полиция күштері шақыртылып, жағдай бақылауға алынған екен.

"Бұл оқиға бойынша бірнеше баппен қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жалғасуда", - деді министр.

Күдіктіге Қылмыстық кодекстің екі бабы – бүлдіршінді ұрлау және зорлау бойынша айып тағылды.

Министр қазіргі таңда Сәтбаевта жағдай тұрақталғанын айтты.

0 Пікір Кіру