Шымкент

100 отбасыға қолдау

Жастар саясаты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте «Жанға жылу» акциясы аясында 100 отбасыға көмек көрсетілді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы жарияланған болатын. Мазмұнды мақалада, ұрпақ пен дәстүр сабақтастығы болған жерде ғана игілік пен ізгілік қатар өркен жаяды. Осы қасиетті қағида әрбір қазақстандықтың жадынан, жүрегінен орын алуы керек, -делінген.

Күллі адамзатқа қауіп төндіріп тұрған коронавирус дертінмен күреске байланысты төтенше жағдай кезінде көмекке мұқтаж жанұяларға қол ұшын беру ұлттық болмысымызға тән, жарасымды үрдіс екені анық.

Осы мақсатта Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» кезекті рет «Жанға жылу»  акциясын ұйымдастырды.

Қайрымдылық шараға «Петро Қазақстан» Шымкент мұнай өңдеу зауыты демеушілік көрсетті.

Ұйымдастырушылар  қаладағы 4 аудан Еңбекші, Абай, Әл-Фараби мен Қаратау аудан бойынша ҰОС және тыл ардагерлері, сондай-ақ әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін үйлестірді.

Басты қажеттілікттер ескеріле отырып тұрмыстық жиі тұтынатын: ұн, қант, май, макарон, шай, гречка, печенье, көкөніс өнімдері мен тәттілердің азық-түлік себеттері әзірленді.

Айта кетейік, жыл басынан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Жанға жылу» қайырымдылық акциясы аясында осы уақыт аралығында 500-ден отбасыға көмек берілді.