Шымкент

Халық тәртіп сақшыларына жәрдемдеседі

Жол картасы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Полиция халыққа қызмет көрсетудің жаңа үлгісіне көшуде. Өйткені екі жыл қатарынан Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша 2019-2021 жылдарға арналған «Жол картасы» іске асырылып келеді.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сапалы қызмет көрсету басты нәтиже болып табылады. Бұл  «Тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруда маңызды рөл атқарады.

-  Мен Шымкент полициясының жұмысы туралы қоғам пікіріне мұқият қараймын. Әр қабылдауымда болған азаматтардың өзекті мәселелерін шешу біз үшін үлкен жауапкершілік деп білемін.  2019 жылы 724 азамат жеке қабылдауымда болса, осы жылы төтенше жағдайға қарамастан  132 азаматты қабылдап, өтініштерін тиянақты қарап, тиісті шешімдер қабылдадық. Маған келген азаматтардың полицияға деген алғыс білдіруі туралы өтініштері де осыған дәлел. Әлеуметтік желідегі тіркелген Полиция департаментінің сайттарына үнемі қала тұрғындары алғыстарын жазуда. Олардың көбі қылмысты ізін суытпай ашып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі адал қызметтеріміз үшін арналған алғыстар. Біздің жұмысымызға бей-жай қарамағаны үшін қала тұрғындарына алғыс білдіремін!, - деді Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетов жуықта өткен баспасөз отырысында.

Жылдан жылға полицияға көмектесуге дайын адамдардың саны артып келеді. Өткен мерзімде қоғамдық тәртіпті сақтауға, құқықтың тәрбиені қалыптастыруға 118 полицияның қоғамдық көмекшісі, 78 қала тұрғындары қатысты. Олармен 258 қылмыс ашылып, 1229 әкімшілік құқықбұзушы анықталды. Полицияның жұмысына белсенді ат салысқан 118 көмекші 3 миллиондай теңгемен, 5 азамат ІІМ грамотасымен, 78 азамат Департаменттің грамотасы және алғыс хаттарымен марапатталды.