Шымкент
Полиция қызметі
Жыл басынан бері шымкенттік тәртіп сақшылары 112 алғыс хат алған. Ал «тұрғындардың айтқан рақметі одан да көп» екен. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов мәлімдеді.
Сонымен қатар Ералы Жұмаханбетов тәртіп сақшыларының жұмыс сапасы жоғарылағанын атап өтті. Себебі жасалған қылмыстар уақытылы ашылып, полицейлер 8 жыл бұрын жасалған заңсыз әрекетті де әшкерелеген көрінеді.
Нақты айтқанда, көшедегі қылмыс 12 пайызға, қоғамдық қылмыс 11 пайызға, жол апаты 8 пайызға азайды. Бірақ, мас күйінде рөлге отыратындар және жол апатынан көз жұматындар көрсеткіші өзгеріссіз.