Шымкент

Шымкентте дала өрті болған жоқ

Профилактика

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте дала өртінің алдын алу шаралары белсенді жүргізіліп жатыр.

Жыл басынан бері Шымкент қаласы аумағында дала және орман өрті тіркелмеді.

Шымкент аумағында қала әкімдігіне қарасты «Жасыл Белдеу» орман шаруашылығы орналасқан. «Жасыл Белдеу» шаруашылығының жалпы ауданы 1 мың 372 га, оның ішінде орман көмкерілген аймағы 176 га.

– Орман және дала өрттерін алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында қала аумағында жалпы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 65 шақырым, жергілікті автомобиль жолдарының бойларында 315,2 шақырым, орман қоры жерлерінде 406 шақырым және егістік алқаптарында 400 шақырым өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмыстарының 1-кезеңі өткізілді, - деді  қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі  Н.Дербісов.

Орман-дала өрттерін дер кезінде сөндіру үшін аудан әкімдіктері тиісті елді мекендерде жалпы 527 адамнан тұратын 52 ерікті өрт сөндіру құрылымдары құрылған. Олар 94 бейімделген қосалқы техникалармен, 22 өрт сөндіру мотопомпалармен және қолда бар өрт сөндіру құралдарымен (527 хлопушка) жабдықталған.

Сонымен қатар төрт ауданның әкімдіктері шаруа қожалықтарымен келісіп, қала аумағында орман және дала өрттері орын алған жағдайда дер кезінде сөндіру үшін, бір соқалы трактормен бірге 3 тонна суы бар тіркемелі бөшкелермен жалпы 4 уақытша бақылайтын өрт сөндіру бекеттері құрылған.

Төтенше жағдайлар департаменті шаруа қожалықтары мен қала тұрғындарын орман және алқаптарда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.