Шымкент

ХҚО-на жүгінген халық көп

Азаматтық үкімет

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елімізде төтенше жағдай алынып, Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей бастағалы Шымкент қаласы бойынша 5 мыңға жуық адам жеке бас куәліктерін жаңартқан.

Екінші орынға автокөліктерін қайта тіркеушілер тұрақтады. Бір айдың ішінде 20 мыңнан астам адам көліктерін қайта тіркеген.

ХҚО-ының ашылуын жылжымайтын мүлік иелері де күтті. Азаматтар жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу қызметі үшін ХҚО-ына 2 мыңнан астам рет жүгінген. Жүргізу куәліктерін жағартқандар саны 6 мыңға жуық болды. Сонымен қатар, әлеуметтік жәрдемақы тағайындаушылар да бұл орталықты айналып өтпеді. 5 мыңнан аса жүкті әйел өздеріне жәрдемақы тағайындатты.

Шымкент қаласындағы ХҚО-ның жұмысы қайта жанданғаннан бері 44 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді.