Шымкент

Шымкентте кәсіпкерлерге "бизнеске арналған үкімет – shymkent invest" қолдау көрсетіледі

Фронт-кеңсе

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2020 жылдың 1 маусымынан бастап «Бизнеске арналған Үкімет - Shymkent INVEST» фронт-офис толыққанды жұмыс істей бастады.

Бұл әкімдік пен Кәсіпкерлер палатасының бірлескен жобасы. Оның мақсаты­ ­- кәсіпкерлер мен қала инвесторларына мемлекеттік қолдау және мемлекеттік қызмет көрсету шараларын "бір терезе" қағидаты бойынша орталықтандыру.

- Қазіргі уақытта өңірлік палатаның кеңесшілері БЖК-2025 бағдарламасы аясында сервистік қызметтердің 6 түрін ұсынады. «SHYMKENT» ӘКК , «ДАМУ» қорының, «Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясының (ХҚКО) консультанттары мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері де осында болады, - деп түсіндірді фронт-офисті таныстыру барысында Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабіштаев.

«Бизнеске арналған үкіметте» әрбір кәсіпкер өз бизнесін дамыту, құзыреттер мен қаржыландыруды арттыру мәселелері бойынша ауқымды қызметтер мен кеңестер ала алады.

- Көріп отырғанымыздай, мұнда кәсіпкерлер үшін барлық қызметтерді бір жерде алу үшін жағдай жасалды. Бизнес иесі пайда болған мәселелердің күрделілігіне қарамастан, қайда жүгінетінін нақты білетін болады,  - деп атап өтті Нұрлан Қабіштаев.

Палата директорының айтуынша, фронт-кеңсенің сапалы жұмыс істеуі  үшін «Атамекенге» өтініш білдірген клиенттерді тіркеу үшін СRM жүйесі әзірленетін болады. Бұл бизнесті қолдаудың барлық шараларының тұрақты мониторингі қолданыстағы құралдардың тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді, сондай-ақ заңнамалық актілерге бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту бойынша ұсыныстар пакетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Атап өту керек, «Бизнеске арналған Үкіметте» берілетін оқыту бағдарламаларының операторы болып «Атамекен» ҰКП табылады. Сонымен қатар, «Атамекен» ҰКП барлық қызметтерін онлайн форматта services.atameken.kz. алуға болады.