Шымкент

Шымкенттік кәсіпкерлердің кәсібіне кесел келді

Карантин

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте карантин талабына сақтамаған 50 нысанға хаттама толтырылды.

Кәсіпкерлік нысандарға  мобильді топтар күнделікті рейд жүргізеді. Топ құрамына әкімдіктің, жергілікті полиция және аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының өкілдері кіреді. Түсіндірме жұмыстары мен бақылау нәтижесінде карантин режимін бұзушылар саны күн санап азаюда. Қаладағы кәсіпкерлік нысандардың 99 пайызы карантин режимінде көрсетілген шекті уақыттарда өз жұмыстарын аяқтап жүр. Соңғы үш күнде қала бойынша карантин талабына бағынбай кешкі мезгілде жұмыс істеген 50-ге жуық мекеме анықталып, олардың тарапына хаттама толтырылды.

Қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасымен 2 мыңдай мекемеге ескерту берілген (ара қашықтық сақтау, антисептик пайдалану).