Шымкент
Жиын
Шымкентте денсаулық сақтау саласын дамытудың бес жылдық жоспары 4 бағыттан тұрады. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен жиында айтылды.
Бес жылдық даму жоспары негізгі 4 бағыт бойынша жүргізіледі. Олар: медициналық көмек көрсетуді жетілдіру, кадрлық ресурстарды дамыту, қоғамдық денсаулық сақтау қызметін жетілдіру және денсаулық сақтау ұйымдарының инфрақұрылымын дамыту.
- Нәтижесінде: өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа дейін артады; ана өлімі 25,3 пайыздан 7 пайызға дейін төмендейді; бала өлімі 8,7-ден 6,9 пайызға төмендейді; жеке инвестициялардың үлесі 25%-ға дейін ұлғаяды; инсульт орталығының саны 4-ке жетеді; мекемелер 100 пайыз цифрландырылады» - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Р.Албаев.
Сондай-ақ, медицина ұйымдарымен меморандум жасалып, барлық индикаторлар бойынша бағалау жүргізуге, ұйымдарды бақылап отыруға мүмкіндік болатынын жеткізді. Жоспарда - онлайн дәрігерлік кеңес беруді дамыту және халықтың денсаулық мәселелері бойынша сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында мобильді қосымшаларды пайдалану назарға алынған. Ал шаһар басшысы Мұрат Дүйсенбекұлы болса, медициналық көмектің сапасы мен оның қол жетімділігіне баса назар аудару қажеттігін атап өтті.