Шымкент

Шымкенттің автобустары жаңартылмақ

Жолаушы қатынасы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жуықта теміржол вокзалына су автобустарды әкеліп бастады.

 "Shymkent" ӘКК АҚ хабарлағандай, бүгінгі таңда 50 жаңа автобус жеткізілді, жақын арада олар жолға шығады. 30 тамызға дейін  қосымша 520 автобус мегаполиске жеткізілуі тиіс.

- Қазіру уақытта қалада 300 жаңа автобус қатынап жүр. Жаңа автобустардың 50-і келді, енді 20-сын тосып отырмыз. Тамыз айының соңында біз барлық жаңа автобустарды желіге шығаруды жоспарлап отырмыз, - деді "Shymkent"ӘКК төрағасы Бауыржан Канкин.

Сонымен қатар, Бауыржан Канкин  электронды жүйе енгізілген сәттен бастап үшінші мегаполисте қоғамдық көліктің көптеген мәселелері шешілетінін айтты.

- Электронды билеттеу кезінде қоғамдық көлікте көптеген проблемалар өздігінен жойылады. Сондықтан, бұл идеяны халық қолдаса деймін. Электронды жүйе енгізілгенде жүргізушілер ереже бұзғанды да қояды.  Қазіргі уақытта инвестор табылды, ол осы жұмысты өз қаражатына істейді, - деп қосты "Shymkent" ӘКК " АҚ төрағасы Бауыржан Канкин.