Шымкент

Шымкентте мыңнан астам мемлекеттік қызметті үй аралап көрсетілді

Азаматтарға арналған үкімет

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Халыққа Қызмет көрсету орталықтарының мамандары 1 және 2 топтағы мүгедектер, 70 жастан асқан қарт адамдар, ҰОС қатысушылары және мүмкіндігі шектеулі балалардың үйлеріне барып мемлекеттік қызметті қолдануға мүмкіндік беріп отыр.

Ол үшін оларға немесе олардың қамқоршыларына 1414 қысқа нөміріне қоңырау шалып, өтінім қалдыру қажет. Ағымдағы жылдың 5 айында Үкімет филиалының қызметкерлері Шымкент қаласы бойынша азаматтардың үйлеріне шығып мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті.

Шымкент қаласы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз хатшысы Алтынай Татаеваның айтуынша, 1414 Бірыңғай байланыс орталығының нөміріне қоңырау шалып, өтінім қалдырса, 56 сағат ішінде ХҚКО қызметкері өтініш берушімен хабарласады және клиентке ыңғайлы уақытта үйге барады.

- Үйге барып қызмет көрсету кезінде қызметкерлер құжаттарды қабылдайды және құжаттарды табыстауды жүзеге асырады. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда клиенттерді Мемлекеттік қызметтерді өз бетінше электрондық үкімет порталы арқылы қалай алу керектігін үйретеді, - деп атап өтті Алтынай Татаева.

Коронавирус пандемиясы жағдайында мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып қызмет көрсетеді. Барлық мамандар маскалар мен антисептиктермен жабдықталған.

Айта кету керек, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мүмкіндігі шектеулі адамдарға мемлекеттік қызмет көрсетуге көп көңіл бөледі. Үйге барып Мемлекеттік қызмет көрсетуден басқа, ХҚКО мамандары есту және сөйлеу қабілеті бұзылған адамдарға мемлекеттік қызмет көрсету үшін ыммен сөйлесу тіліне үйретілді.

 Сондай-ақ, Шымкенттегі ХҚКО әртүрлі филиалдарында 36 мүмкіндігі шектеулі адам жұмыс істейді.