Шымкент

Шымкенттегі дәріханаларға дәрі-дәрмек жүйелі жеткізілуде

Мониторинг

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаменті дәріханаларды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуін және олардың шекті бағаны көртермеуін күн сайын бақылап отыр. Сонымен қатар, Департамент тарапынан дәріханаларда және дәріханалық қоймаларда дәрі-дәрмектердің бар болуына мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

29 маусымдағы жағдай бойынша 92 дәріханада мониторинг жүргізілді. Көпшілігінде дәрілік препараттарының қалдығы бар екендігі анықталды. Олар дәрілік заттарды халыққа сату үшін қорларды толықтыруда. Шымкент қаласының дәріханалық қоймалары мен дәріханаларындағы "Парацетамол", "Эффералган", "Панадол", "Нурофен", "Ибупрофен", "Нимесулид", "Миг 400" сияқты рецептісіз босатылатын ыстықты төмендететін препараттардың саны 161 649 қорап. Оның ішінде дәріханалық қоймаларда 82 585 қорап, дәріханаларда 79 064 қорап сатылымда тұр.

Шымкент қаласының дәріханаларында дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудада сату мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы жасалған Меморандумның негізінде дәріханаларда босатылатын дәрілік заттардың рецептісіз тізімдегі саны шектелмек. Сондай-ақ рецептуралық препараттарды босату ережелері сақталады.

Ескерте кетейік, дәрігер жазып берген дәрілік зат болмаған жағдайда дәріхананың маманы пациентке дәрігердің келісімінсіз дәрілік заттан бастап ең аз баға бойынша ассортиментте бар халықаралық патенттелмеген атаумен дәрілік заттың синонимін ұсынады немесе емдеуші дәрігермен келісім бойынша оны фармакологиялық аналогпен ауыстыруды жүзеге асырады.